Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Президент Besqaru зауытымен танысты

Президент Besqaru зауытымен танысты

Мемлекет басшысы шынжыр табанды және дөңгелекті бронды машиналар шығаратын, сондай-ақ оларға техникалық қызмет көрсететін Besqaru зауытына барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев цехтардағы құрастыру жұмыстарын аралап көріп, қорғаныс өнеркәсібі кешеніне қарасты кәсіпорынның технологиялық процестерімен және өндірістік мүмкіндіктерімен танысты.

Компания жылына 200 бронды техника құрастырады. Олардың қатарында суды кешіп өте алатын, дөңгелекті Taimas8x8, Aibar 4x4 бронды машиналары, сондай-ақ Tulpar шынжыр табанды техникасы бар.

Besqaru компаниясы өз өнімін Қорғаныс министрлігі мен басқа да күштік құрылымдарға арнап шығарады. Өндіріс алаңы биыл ақпан айында іске қосылды. Жалпы құны 13,5 миллиард теңге болатын жоба аясында 134 жұмыс орны ашылды.

Мемлекет басшысы зауыт қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегі өнімді болуына тілектестік білдірді.


Фото: Ақорда