Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары «Әмір және Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен танысудан басталды.
Президентке медициналық препараттар мен дайын өнім түрлерін шығаратын негізгі цехтың жұмысы көрсетілді. Кәсіпорынға тиесілі медициналық бұйымдардың 200-ден аса атаулы түрі бар. Бүгінде серіктестікте 94 қызметкер еңбек етеді. Мемлекет басшысына «Super-pharm» фармацевтикалық компаниясының жұмысы туралы ақпарат берілді.
Президент отандық фармацевтика индустриясының дамуы импортқа тәуелділікті төмендетіп, ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуда маңызды екенін атап өтті.
Фото: Ақорда