Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Кәсіпкерлікке баулитын кітап жарық көрді

Кәсіпкерлікке баулитын кітап жарық көрді

Қазақстандық танымал бизнесмен, инвестор, меценат, қоғам қайраткері, Q4 бизнес тобының негізін қалаушы, “Ерен еңбегі үшін”, “Жомарт жан” медальдарының иегері Талғат Сақанның «Миллион қарыздан Миллиард табысқа: Шыңға шығудың шынайы оқиғасы» атты кітабы жарық көрді.

Туынды қарапайым ауыл баласының қарыздан шығып, миллиондаған долларлық компания құрғанға дейінгі өмір жолын баяндайтын әсерлі еңбек. Автор өз өмірінде орын алған құлдырау мен қайта өрлеу кезеңдерін ашық жазып, сол тәжірибенің негізінде жатқан құндылықтар, тәуекел, табандылық және жауапкершілік туралы шынайы сабақтарымен бөліседі.

Кітапта оқырман кәсіпті бастау, ойлау жүйесін өзгерту, инвестор тарту, команда құру және бизнесті масштабтау сияқты маңызды тақырыптарды нақты мысалдармен түсіндіреді. Әр бөлім - автордың жеке тәжірибесі мен жылдар бойы жинаған білімдерінің жүйелі түрде берілген құнды жол картасы.

Бұл еңбек - шыңға шығудың ішкі және сыртқы механизмдерін түсінгісі келетіндерге арналған. Өз өмірін қолына алғысы келетін, қарыздан, қорқыныштан немесе тоқыраудан шығуды көздейтін әрбір жан үшін бұл кітап сенімді жетекші бола алады.

  Аталған кітап - автордың шынайы тәжірибесіне негізделген ішкі трансформация мен кәсіпкерлік ойлауды дамытуға арналған практикалық, мотивациялық жол көрсеткіш.

Аннотацияда бұл кітап автордың қарыздан шығып, табысқа жету жолына, сондай-ақ құндылықтар, ойлау жүйесі және кәсіпті дамыту қағидаттарына арналғаны көрсетілген.

Кітаптың негізгі бөлімдерінде автордың жеке тәжірибесі, құндылықтар жүйесі, ойлауды өзгерту қағидаттары, кәсіпті бастау жолдары, команда құру, инвестиция тарту және бизнесті масштабтау жөніндегі практикалық тәсілдері баяндалады.

Талғат Сақанның өз тәжірибесі бойынша жазылған «Миллион қарыздан Миллиард табысқа: Шыңға шығудың шынайы оқиғасы» кітабы кәсіпкерлікке, іскерлікке, бизнеске қызығушылық танытқан барша оқырманға, жастарға, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.