Мобильді аударымдарға қатысты жаңа ережелер күшіне енді
Енді банк картасына үш ай қатарынан 100-ден аса адам ақша аударса және жалпы сомасы 1 миллион 20 мың теңгеден асса, бұл операциялар кәсіпкерлік табыс ретінде қарастырылады.
Қаржы министрінің бұйрығымен мобильді аударымдарды бақылаудың өлшем шарты өзгерді. Мұндай күмәнді аударымдар анықталса, банк қызметкері мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына береді. Салық комитеті, камералық бақылау жүргізу кезінде бизнес белгілерін анықтаса, азаматқа ескерту хабарлама жібереді.
Жаңа ережелер шағын кәсіпкерге де, қарапайым азаматтарға да бірдей қолданылады.
Фото: gov.kz