Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ақмола облысында 82 млн теңгеге бағаланған жер мемлекетке қайтарылды

Ақмола облысында 82 млн теңгеге бағаланған жер мемлекетке қайтарылды

Ақмола облысы прокуратурасы қабылдаған шаралардың нәтижесінде құны 82 млн теңге болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. 

Ведомство мәліметінше, Сандықтау ауданының прокуратурасы жер комиссиясының қызметіне талдау жүргізу барысында ауыл шаруашылығы өндірісін жүзеге асыру үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындыларын шығару кезінде заңнама талаптарының бұзылғанын анықтаған.

Атап айтқанда, конкурс қорытындылары үш кезеңде шығарылғаны белгілі болды. Ал қолданыстағы заңнамаға сәйкес, конкурс өткізілгеннен кейінгі күні қорытынды бірден жариялануы тиіс. Бұл жағдай конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігіне кері әсер еткен.

- Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде сот тәртібімен жеті жалдау шарты жарамсыз деп танылды. Нәтижесінде жалпы ауданы 1 400 гектар болатын, құны 82 млн теңге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, - делінген ақпаратта.

Аталған заңбұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.


Фото: АШМ