Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағандарға 24 млн теңгеден астам сыйақы берілді

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағандарға 24 млн теңгеден астам сыйақы берілді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп, 895 адамның заңсыз әрекетінің жолын кесті. 

Ведомство мәліметінше, есептік кезеңде 1 052 қылмыстық іс қозғалып, оның 969-ы бойынша тергеу аяқталған. Соның ішінде 860 қылмыстық іс сотқа жолданды.

- Тергеу барысында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын жымқыру деректеріне қатысты екені анықталған. Қабылданған шаралар нәтижесінде ел бюджетіне 16,1 млрд теңге қайтарылып, құны 3,3 млрд теңге болатын мүлікке тыйым салынды, - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 61 азаматқа жалпы сомасы 24,2 млн теңге көлемінде сыйақы төленген.

ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.


Фото: liter.kz