Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Еліміздің кітапханалары 240 мыңнан астам әдебиетпен толықты

Еліміздің кітапханалары 240 мыңнан астам әдебиетпен толықты

2025 жылы 119-дан астам кітап 240 500 дана таралыммен басылып, еліміздің өңірлік кітапханаларына жеткізілді. Олардың қатарында «Шоқан. Ерек туған феномен» фотоальбомі, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған еңбектер, «Бақытсыз Жамал» шығармасы, сондай-ақ Ілияс Есенберлин, Жұмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырза Әлі және Тұманбай Молдағалиевтің шығармалар жинағы бар.

Халықаралық ынтымақтастық аясында Италия тарапының қолдауымен Шоқан Уәлиханов туралы кітаптың итальян және ағылшын тілдеріне аударылған нұсқасының таныстырылымы Рим қаласында өтті.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі еліміздің Майндағы Франкфурт қаласында өткен ең ірі халықаралық кітап жәрмеңкесіне екінші рет қатысуын да қолдады. Көрмеде ұлттық павильон ұйымдастырылып, мерейтойлық басылымдар, соның ішінде жеті тілге аударылған «Абайдың қара сөздері. Ұрпаққа Ұлағат» атты еңбегі таныстырылды. Ал «Бақытсыз Жамал» романы ұлттық прозаның алғашқы туындыларының бірі ретінде халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болды.


Фото: Оңалхан Өнерхан