Астанада заң бұзған 61 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Астанада заң бұзғаны үшін 61 құрылыс компаниясы әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 49 млн теңге болды. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады.
2025 жылдың басынан бері қадағалау шараларының қорытындысы бойынша салынып жатқан тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді заңсыз сатудың көптеген фактілері анықталды. Заң бұзғаны үшін 61 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 49 млн теңге болды.
— Прокуратура әкімшілік шара қолданумен қатар үлескерлердің қаражатын заңсыз тарту бойынша алаяқтық схемаларды ұйымдастырған қылмыстық тергеу бастады.
Тергеу қорытындысы бойынша 5 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, мүлік тәркіленді, — делінген прокуратура хабарламасында.
Сот 900-ден астам үлескердің мүддесі үшін берілген прокуратураның 10 талап-арызын қанағаттандырды. Сот шеші бойынша олардың пайдасына 11 млрд теңгеден астам қаражат өндірілді, сондай-ақ 4 жер учаскесі қайтарылды.
Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды құрылыс сатысында тұрғын үй сатып алу кезінде қырағы болуға шақырады.
Фото: kursiv