Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті.
Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Қадір түні наурыздың 16-нан 17-іне қараған түнге сәйкес келеді. Ораза айт наурыздың 20-сында басталып, үш күнге созылады. Ал Құрбан айт мамырдың 27-сі мен 29-ы күндері өтеді.
«Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді», деп хабарлады ҚМДБ.
Фото: inbusiness.kz