Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Зейнетақы жинақтарын емге пайдалану тоқтатылды

Зейнетақы жинақтарын емге пайдалану тоқтатылды

Отбасы банктің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 12 қаңтар сағат 19:00-ден бастап enpf-otbasy.kz платформасында емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша өтінім қабылдау тоқтатылды.

Бұл шешім Отбасы Банк, Денсаулық сақтау министрлігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысына байланысты қабылданған.

Алдағы уақытта емделуге зейнетақы жинақтарын пайдалану талаптары қайта қаралып, ақпараттық жүйелерді өзара біріктіру арқылы зейнетақы қаражатының мақсатсыз жұмсалуына жол бермеу тетіктері күшейтіледі.

Емделуге арналған өтінімдерді қабылдау жаңа талаптар толық пысықталғаннан кейін қайта басталады. Бұл туралы қосымша хабарланбақ.