Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматыда балаларға арналған әдеби кітаптар таныстырылды

Алматыда балаларға арналған әдеби кітаптар таныстырылды

ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасы жанындағы Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жанрлық кеңесінің «Балалар әдебиеті: Креативті индустрия, имидж, бренд» атты панельдік сессиясы өтті.

Панельдік сессияға ақын-жазушылар, жас қаламгерлер және кітапхана оқырмандары қатысты.

Іс-шара барысында «Балалар кітапханасы» және «Балалар әдебиетінің бағбандары» топтамасымен жарық көрген қазақ жазушыларының кітаптары таныстырылды.

Сондай ақ қатысушылар қазіргі балалар әдебиетінің даму бағытын және оның мәдениет индустриясымен сабақтастығын талқылады.



Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі