Алматыда XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы қорытындыланды
Алматыда математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы қорытындыланды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге 70 алтын, 96 күміс және 158 қола медаль табысталды. Олимпиаданың жабылу салтанатына Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, Жәутіков олимпиадасы — жас дарындарды қолдаудың маңызды алаңы екенін атап өтті. Білім бәйгесінде командалық есеп бойынша румыниялық Бухарест халықаралық компьютерлік лицейі олимпиада жеңімпаздары атанды. Бірінші, екінші орындар ресейліктер бұйырды. Командалық есепте үшінші орынды Ресей, Болгария, Қазақстан командалары өзара бөлісті.
Бұл марапаттар жас зияткерлердің ғылыми әлеуетін арттыруға және олардың білім жолындағы табандылығын ынталандыруға бағытталған.
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы ғылымға құштар жас ұрпақты біріктіретін, білім мен табандылықты дәріптейтін беделді халықаралық алаң ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді.







