Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алтын мен күміс қымбаттады

Алтын мен күміс қымбаттады

Бүгін алтын мен күміс бағасы рекордтық максимумға дейін қымбаттады. Гренландияға байланысты шиеленістің өршуінен инвесторлар арасында бұл металдарға сұраныс өскен.

Алтын 1,6 пайызға қымбаттап, бір унциясы 4689 долларға жетті. Ал күміс бағасы 4,4 пайызға өсіп, 94 доллардан асты.

АҚШ президенті Дональд Трамп Құрама Штаттарға Гренландияны сатып алуға рұқсат етілмесе, еуропалық одақтастарына баж салығын салатынын ескертті. Осыдан кейін Еуроодақтың 27 мемлекетінің елшілері бас қосып, тарифтерге жол бермеуге, ал енгізілген жағдайда қарсы шараларды дайындауға келіскен.


Фото: naryk.kz