Жаңа Парламентке Құрылтай деген атау беру керек деп есептеймін - Президент
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты.
«Жұмыс тобы келіп түскен өтініштерді жинақтап, Парламенттік реформаны жан-жақты қарастырды. Бұл жұмыстарды бақылауымда ұстадым. Бір сөзбен жарты жылға жуық талқыланып жатыр. Бір палаталы Парламентті халық қолдап отыр. Болашақ Парламент атауы туралы пікірімді айтсам - жаңа Парламентке Құрылтай деген атау беру керек деп есептеймін. Құрылтайдың тарихи аясы да, мағынасы да халыққа жақын. Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институт символы ретінде қалуы керек. Депутат санын көбейтудің қажеті жоқ. Мәселе санда емес, сапада. Жаңа Парламентте төрағаның 3 орынбасары болуы керек, ал комитет 8-ден аспауы тиіс», - деді жиында Президент.
Фото: Ақорда