Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Үйлер мен көліктердегі көк Туды көріп, қуанып қаламын – Президент

Үйлер мен көліктердегі көк Туды көріп, қуанып қаламын – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V  отырысында Мемлекеттік рәміздерді орынды қолдану жөнінде пікірін білдірді.

– Патриотизм – әрине, Отанға деген сүйіспеншілік, бірақ азаматтық жауапкершілік пен өз еліне пайдалы болуға ұмтылыссыз мұндай сүйіспеншіліктің маңызы болмайды. Қазір қоғамда «Қазақстанның мемлекеттік Туын қайда және қашан пайдаланған орынды?» деген маңызды мәселе талқыланып жүр. Бұл рәсім арнайы нормалар мен ережелер арқылы реттеледі. Мемлекеттік рәміздерді қолданғанда бейқамдыққа, салғырттыққа жол берілмейді, - деді Президент Қызылордада өткен V Құрылтай отырысында.

Сонымен бірге, Президент заңның тек мәтініне емес, мәні мен мақсатына да зер салу керегін айтты. Патриотизмді насихаттау қажет, бірақ мемлекеттік рәміздерді қолданғанда оларды сақтықпен, әдепті түрде пайдалану басты назарда болуы керек.

Мен үйлерде, көліктерде, көшелерде, сондай-ақ еліміздегі, әсіресе, шетелдегі спорттық және басқа іс-шараларда көк Туымыз желбіреп тұрғанда қуанып қаламын. Сол арқылы еліміздің азаматтары бірлігі бекем ұлт екенімізді көрсетеді. Олардың әрекеттерінен туған елін мақтан тұтатыны байқалып тұрады. Біздің туымыздың танымал болуының артында отандық спортшылардың жетістіктері, ғалымдардың еңбектері, кәсіпкерлердің табысы мен музыканттардың жеңісі тұр. Бұл жетістіктер тұтас елдің игілігіне айналып, оның әлемдегі беделін арттырады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Фото: Ақорда