Еңбек министрлігі Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтарға ескерту жасады
Оңтүстік Кореяда заңсыз еңбек етіп жүрген қазақстандықтар 2026 жылдың ақпанының соңына дейін айыппұл төлемей және елге қайта кіруге шектеусіз, өз еркімен елден шыға алады. Бұл мүмкіндікті Еңбек министрлігі қайта еске салды.
Дегенмен бағдарлама қылмыстық әрекет жасағандарға, мәжбүрлі түрде депортацияланатындарға, сондай-ақ 2025 жылғы 1 желтоқсаннан кейін заңсыз мәртебе алғандарға қатысты қолданылмайды.
Елден шығу үшін Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореядағы көші-қон органдарына төлқұжаттарын, тиісті өтінішті және кері жол билетін ұсынуы тиіс.
Фото: Еңбек министрлігі