Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қ.Тоқаев ЕАЭО жайында: Үкімет ұлттық мүддені қорғау керек

Қ.Тоқаев ЕАЭО жайында: Үкімет ұлттық мүддені қорғау керек

Президент Құрылтай отырысында әлемдегі дағдарыс жағдайында басқа мемлекеттермен байланыс орнатуды құптайтынын жеткізді. Бірақ экономиканы интеграциялау кезінде, ұлттық мүдде бірінші орында тұру керек екенін ескертеді. Әрі Үкіметтің осындай олқылыққа жол бергенін мысал етті.

«Мысалы, Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласының негізсіз қысымға ұшырауын қалыпты жағдай деп атауға болмайды. Отандық тамақ өнеркәсібі өкілдері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден келетін субсидияланған тауарлардың қысымымен өндірісті қысқартуға мәжбүр.

Ал бұл біз үшін азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі. Үкімет ұлттық мүдделерді қорғау үшін анағұрлым белсенді жұмыс істеуі қажет.

Өзара мүдделердің әділ тепе-теңдігін табу, Қазақстанның ұстанымын сауатты әрі дәлелді түрде қорғау керек. Тек осылай ғана біз экономикамызды халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті ете аламыз»,
- деді Тоқаев.


Сондай-ақ Президент биыл Қазақстан одаққа төрағалық ететінін еске салды. Біздің ел саудадағы кедергілерді жойып, отандық өндірушілерді қорғау саясатын жалғастырады, - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.


Фото: Ақорда