Биыл Ұлттық қордан әр баланың есепшотына 130 доллардан аударылады
Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.
- Қаулымызға сәйкес, бұл деректерді 1 ақпанда ресми жариялаймыз. Бұл дүниеге сәбилердің келуіне, кейбір балалардың елден кетіп, азаматтықтан шығуына байланысты. Сондықтан Үкіметтегі әріптестерімізбен аталған қаражаттың кімге аударылатындығы есептелінеді. Алдын ала дерек бар. Алдын ала деректерге қарағанда, сома өткен жылдағымен пара бар, әр балаға 130 доллардан тиесілі болады, - деді Тимур Сүлейменов.
Фото: egemen.kz