Конституциялық реформаға қатысты түпкілікті шешім жалпыхалықтық референдумда қабылданады – Мемлекеттік кеңесші
Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында айтты.
«Мемлекет басшысы Парламенттік реформа бойынша кезекті жұмыс кеңесін өткізді. Президент конституциялық реформаға қатысты түпкілікті шешімді еліміздің азаматтары жалпыхалықтық референдумда қабылдайды деп нақты айтты», - деді Ерлан Қарин.
Сондай-ақ Ерлан Тынымбайұлы жұмыс тобы қазіргі Мәжіліс депутаттарына қойылатын талаптар Құрылтайға да қатысты болып, сол қалпында қалғаны жөн деген пайымға келгенін жеткізді.
Фото: qazaqparat