Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде сот жүйесіне абсолютті сенім деңгейі 3 жылда едәуір өскен

Елімізде сот жүйесіне абсолютті сенім деңгейі 3 жылда едәуір өскен

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады.

Жоғары тұрған сот сатылары сот актілерінің 98,8 пайызын түзетпеген. Татуластыру рәсімдерін қолдану үлесі азаматтық істерде – 45,9 пайызды, әкімшілік істерде 11,8 пайызды құрады.

Рақымшылық актісін жариялау арқылы 583 адам жазадан, 5 мыңнан аса сотталушы жазасын одан әрі өтеуден босатылды, 9,2 мың адамның жаза мерзімі қысқартылды.

Қамауда ұстауға рұқсат беруден бас тарту үлесі 25,7 пайыздан 37,5 пайызға дейін артты. Оның орнына үй қамағына алу екі есе жиі тағайындалды (2786-дан 5019-ға дейін ұлғайды). Жарты жыл ішінде Кассациялық сотқа 16,2 мыңнан аса арыз-шағым мен наразылық түскен.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, сот жүйесіне абсолютті сенім деңгейі 3 жылда, яғни 2023 жылдан бері 55,2 пайыздан 63,2 пайызға дейін өскені жөнінде ақпарат берді.


Фото: Ақорда