Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Аида Балаева: Ата заңның жаңа нормалары мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді күшейтеді

Аида Балаева: Ата заңның жаңа нормалары мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді күшейтеді

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осылай деді.

«Ендігі жерде біз адам мен азаматтың жеке құқықтарымен міндеттерін тұтас ұлттың өмірлік мүдделерімен ұштастырған, ешкімді тілі мен дініне, тегі мен дәстүріне қарап, алаламай, заңды бәрінен биік қоятын ережені алға тартамыз. Ең маңыздысы - Ата заңның жаңа нормалары әділдік, заңдылық және қоғамдық келісім сияқты рухани тұғырлардың өзара байланысын тереңдете түседі. Сөз жоқ, бұл мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді одан ары күшейтетін қарымды қадам», - деді ол.


Фото: primeminister.kz