Конституцияның басты ерекшеліктеріні бірі адам құқықтарына бағдарлауында – Ерлан Қарин
Конституцияның басты ерекшеліктеріні бірі адам құқықтарына бағдарлауында. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин айтты.
"Жаңа Конституцияның тағы бір басты ерекшелігі адам құқықтарына бағдарлауында. Адам құқықтары мен бостандықтары жаңа Преамбулада, бірінші бөлімнің 1-бабында ғана емес, Конституцияның «Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер» деп аталатын негізгі екінші бөлімінде топтастырылып, айқындап, бөліп көрсетіліп отыр. Және де адам құқықтары мен бостандықтары жаңа құқықтық тетіктермен және кепілдіктермен қамтамасыз етілген", - деді Ерлан Қарин.
Мемлекеттік кеңесші Конституцияның жаңа мәтінде адвокатура мен адвокаттық қызмет туралы арнай баптың енгізілуі соған дәлел болатынын айтты.
Фото: qazaqparat