Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қандай жағдайда ҚР азаматтығы тоқтатылады – Жаңа Конституция жобасы

Қандай жағдайда ҚР азаматтығы тоқтатылады – Жаңа Конституция жобасы

Жаңа Конституция мәтінінде Қазақстан Республикасының азаматында қос немесе көп азаматтықтың болуына жол берілмейтіні анық жазылды. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның 6-отырысында айтты.

Спикердің айтуынша, «Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер» атты екінші бөлімнің ережелерін тұжырымдауда халықаралық жалпы танылған актілердің талаптары барынша ескерілді. Олардың қатарында Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Қазақстан қосылған Халықаралық пактілер мен басқа да құжаттар бар.

− Осылайша адам мен азаматтың жеке, әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтарының мазмұндары толықтырылып, жаңа бір қырлары ашылды. Оларды жүзеге асыру мен қорғаудың кепілдері елеулі күшейтілді. Біз бұқаралық талқылауда адамның өмір сүру құқығының абсолюттігі, оның жеке басына тиіспеу, «Миранда» ережелері, цифрлық дәуірде дербес деректерді қорғау туралы нормалар қолдау тауып жатқанын көріп отырмыз, − деді Бақыт Нұрмұханов елордада Конституциялық сот ғимаратында.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының азаматында қос немесе көп азаматтықтың болуына жол берілмейтіні анық жазылды. Өзге ел азаматтығының болуы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға негіз болады.


Фото: gov.kz