Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңа Конституция жобасы: Қазақстанның сыртқы саясатының бастаулары өзектендірілді

Жаңа Конституция жобасы: Қазақстанның сыртқы саясатының бастаулары өзектендірілді

Жаңа Конституцияның жобасында Қазақстанның халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын құрметтейтіні, мүдделі мемлекеттермен бейбітшілік пен ынтымақтастықты, олардың ішкі ісіне араласпауды, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешуді көздейтін сыртқы саясат жүргізетіні жазылды. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның 6-отырысында айтты.

Оның айтуынша, жобада Қазақстанның қолданыстағы құқығы мәселелеріне арналған конституциялық ережелер нақтыланды. Қазақстан қатысатын халықаралық шарттардың республика аумағында қолданылу тәртібі заңдарда айқындалмақ.

− Меншік қатынастарын реттейтін конституциялық норма толықтырылды. Меншікті пайдалану қоғам мен мемлекет игілігіне қызмет етуге, қоршаған ортаға зияны болмауға, басқа тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиіс. Коммерциялық емес ұйымның шет мемлекеттен, халықаралық және шетелдік заңды тұлғадан, шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамнан алатын ақша қаражатының қозғалысы және активтері туралы ақпарат заңға сәйкес ашық әрі қолжетімді болуға тиіс, деген норма қарастырылды, − деді Бақыт Нұрмұханов.

Сонымен бірге, дін мемлекеттен бөлек қағидаты бекітілді. Қазақстан аумағында діни ұйымдар заңға сәйкес әрекет етеді және олардың қызметі конституциялық құрылыс негіздерін қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, адам құқықтары мен бостандықтарын, халық денсаулығы мен адамгершілік болмысын қорғау мақсатында шектелуі мүмкін. Бұл ережелерді басқа өзгерістермен тығыз байланыста қарау керек.


Фото: gov.kz