Жаңа Конституцияға қатысты кез келген Қазақстан азаматы ұсыныс жолдай алады
Құжат «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде және Конституциялық соттың ресми сайтында жарияланған.
Ұсыныстарды eGov порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы «e-Otinish» сервисін пайдаланып жіберуге болады. Ол үшін электрондық өтініш толтырылып, Электрондық цифрлық қолтаңбамен расталады.
Түскен өтініштер 15 жұмыс күні ішінде қаралады.
Фото: bizdinoskemen.kz