Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елден 5,8 млн тонна астық экспортталды

Елден 5,8 млн тонна астық экспортталды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін 5,8 млн тонна астық экспортталған. Бұл өткен маркетингтік жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 млн тоннаға артық (4,8 млн тонна).

Жеткізілімдердің негізгі өсімі Орталық және Оңтүстік Азияның дәстүрлі нарықтарына тиесілі.

 Өзбекстанға астық экспорты 49%-ға артып, 1 813 мың тоннадан 2 702 мың тоннаға жетті. Қырғызстанға жеткізілім көлемі 1,7 есеге өсіп, 95 мың тоннадан 163 мың тоннаға дейін ұлғайды. Ауғанстанға экспорт 1,9 есеге артып, 216 мың тоннадан 416 мың тоннаға жетті, — делінген АШМ хабарламасында. 

Фото: rail-news.kz