Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңа Конституцияның жобасындағы «Президент» бөліміне мүлде жаңа ережелер енді

Жаңа Конституцияның жобасындағы «Президент» бөліміне мүлде жаңа ережелер енді

Республика Президентін мерзімінен бұрын лауазымынан босату негіздері мен тәртібін реттейтін конституциялық ережелер толықтырылды. Бұл туралы Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлім етті.

- Жаңа Конституцияның жобасындағы үшінші «Президент» бөліміне тұжырымдамалық тұрғыдан қайта қаралған және мүлде жаңа ережелер енді.  Онда ел Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының үйлесімді әрі кедергісіз жұмыс істеуін, билік органдарының Қазақстан Республикасының біртұтас халқының алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді, деген норма қарастырылды. Республика Президентіне үміткерлерге талаптар нақтыланды. Ең жоғары лауазымды тұлға болып тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын, жоғары білімді және мемлекеттік қызметте, сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде бес жыл тәжірибесі бар Қазақстан азаматы сайлана алады, - деді Бақыт Нұрмұханов.

Оның айтуынша, жекелеген нормалар президентті сайлау науқанын өткізу және ант беру мерзімдерін бекітеді. Президенттің Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылына, кадрлық мәселелерге, нормашығармашылық функцияларына қатысты өкілеттіктерін реттейтін ережелер енді.


Фото: qazaqparat