Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңа Конституцияда Қазақстанға келген шетелдіктердің құқықтары шектеледі

Жаңа Конституцияда Қазақстанға келген шетелдіктердің құқықтары шектеледі

Қазақстанға келген шетелдіктердің әлеуметтік төлемдерін бюджет есебінен өтеу тоқтатылады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, Конституциялық реформа жөніндегі комиссиясының мүшесі Мұрат Әбенов комиссияның жетінші отырысында айтты.

 Біздің Конституцияда елімізге келген шетелдіктердің әлеуметтік және әртүрлі құқықтары біздің азаматтармен бірдей деп жазылған. Сонда шетелден келген азаматтар біздің медицинаны, біздің білім саласын, барлық әлеуметтік көмектерді алуына құқылы. Ол Конституцияда жазылған. Алдағы уақытта бұл да өзгереді, — деді М. Әбенов елордада Конституциялық сот ғимаратында.

Енді тек қана халықаралық келісім арқылы Қазақстан азаматтарының құқықтарын толыққанды қорғайтын мемлекеттің ғана азаматтарына қолдау көрсетілмек.

— Қазір көп жағдайда шетелдіктердің медицинасын, білім саласына қатысты шығындарды өз бюджетімізден төлеп жатырмыз. Жыл сайын елімізге миллиондаған адамдар келеді. Бірақ біздің бюджетіміз шексіз емес. Сол себепті бұл азаматтар талабынан туған әділ шешім деп ойлаймыз. Бұл конституциялық реттеудің мақсаты — негізгі конституциялық құндылықтардың тұрақтылығын, азаматтардың құқықтық кепілдіктерін, сондай-ақ заңнамалардың үйлесімділігі мен әділеттілігін қамтамасыз ету, — деді Мәжіліс депутаты.


Фото: egemen.kz