Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекеттік кеңесші: Қазіргі Конституцияда «тарих» сөзі мүлде жоқ

Мемлекеттік кеңесші: Қазіргі Конституцияда «тарих» сөзі мүлде жоқ

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасында тарихқа неге көп мән берілгенін түсіндірді.

- Жаңа Конституцияда мыңжылдық тарихымыз тұңғыш рет басты құндылық ретінде жазылып, жарияланды. 1995 жылы қабылданған Конституцияда тарих туралы бір сөз жоқ. Жаңа Конституцияда тарихымыз тұңғыш рет декларация емес, мемлекеттік құндылық ретінде бекітіліп отыр, - деді ол.

Мемлекеттік кеңесші Ата заң кіріспесінде тарихпен оралымдар бар екенін еске салды.

- Ұлы дала, мыңжылдық тарих деген ұғымдар Қазақстанның тарихи субъект екенін паш етеді, әрі бұлар мемлекеттік бірегейлікті айқындайтын ұғымдар, - деді Ерлан Қарин.


Фото: qazaqparat