Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңа Конституция жобасы сөз бостандығына кепілдік береді - Аида Балаева

Жаңа Конституция жобасы сөз бостандығына кепілдік береді - Аида Балаева

Ұсынылып отырған нормалар сөз бостандығын шектеуге емес, әр адамның ар-намысын қорғауға бағытталған. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 9-отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті.

- Көпшілік тарапынан сөз бостандығына қатысты мәселеге айрықша мән беріліп отыр. Азаматтар Конституциядағы тұжырымдардың айқын әрі екіұшты түсіндіруге жол бермейтіндей болуын күтеді. Жаңа Конституция жобасы дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, сөз бостандығына кепілдік береді. Ұсынылып отырған нормалар сөз бостандығын шектеуге емес, әр адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін, жеке өміріне қол сұқпауын қорғауға бағытталған. Бұл халықаралық құқық талаптарға толық сәйкес келеді, - деді А. Балаева.


Фото: primeminister.kz