Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Конституция жобасына қатысты азаматтардан 5 мыңға жуық өтініш түсті – Эльвира Әзімова

Конституция жобасына қатысты азаматтардан 5 мыңға жуық өтініш түсті – Эльвира Әзімова

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның ХІ отырысы ертең өтеді. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова айтты.

- Жаңа Конституция жобасын техникалық және мазмұндық тұрғыдан пысықтау бойынша елеулі жұмыс атқарылды. Сонымен қатар азаматтардан түсіп жатқан ұсыныстардың легі жалғасуда. Бүгінгі күні олардың жалпы саны шамамен 5 мыңға жетті. Жаңа Конституция мәтіні жарияланған алғашқы 3 күннің өзінде Конституциялық комиссияға күн сайын мыңнан астам өтініш келіп түсті. Кейінгі күндері олардың саны жүздеген және ондаған деңгейге дейін төмендеді. Сонымен бірге бұл азаматтардың жаңа Конституцияға қатысты өз ұстанымдары мен көзқарастарын негізінен айқындап үлгергенін көрсетеді,
- деді Эльвира Әзімова комиссияның Х отырысын қорытындылвй келе.

Оның айтуынша, жаңа Конгституция жобасы азаматтардың басым бөлігі тарапынан жоғары бағаланып, кең қолдауға ие болып отыр. 

- Ұсынылған өзгерістер қоғамның айқын сұранысын және жүргізіліп жатқан реформаларға берілген сенімді айқындайды. Біздің міндетіміз – осы ашық диалогты сақтау, шешімдердің салмақты болуын қамтамасыз ету және мемлекет мүддесін ұзақ мерзімде қызмет ететін, азаматтарға сенімді құқықтық негіз болатын Ата заңды қалыптастыру. Келесі отырыс 10 ақпанда болады, - деді ол.


Фото: qazaqparat