Жаңа өндірістік нысандарға 1 трлн теңге инвестиция тартылады
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жалақының өсу қарқыны бизнес табысының динамикасынан артта қалып отырғанын айтты.
Осы мақсатта халық табысын арттыруға бағытталған кешенді шаралар әзірленуде. Олар жалақыны көтеру, лайықты еңбекақы төлейтін жұмыс орындарын көбейту, кәсіби біліктілікті дамыту және азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуды қамтиды.
Сонымен қатар экономиканы цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу жұмыстары күшейтіледі.
Премьердің айтуынша, инфрақұрылымды дамыту үшін алдағы үш жылда Ислам даму банкі қаражаты есебінен жаңа өндірістік нысандарға қажетті инфрақұрылым салуға 1 трлн теңге инвестиция тартылады.
Фото: Ақорда