Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Биыл 1 мамырға дейін бюджет бағдарламаларына ревизия жүргізіледі

Биыл 1 мамырға дейін бюджет бағдарламаларына ревизия жүргізіледі

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында бюджет қаржысы азаматтарымызға нақты пайда әкелетін және ұлттық экономиканың дамуына септігін тигізетін жобаларға берілуі тиіс екенін айтты.

«Үкіметке биыл 1 мамырға дейін бюджет бағдарламаларына ревизия жүргізіп, мемлекет есебінен қаржыландырылатын жобаларды іріктеу механизмін жетілдіру тапсырылады. Бұл квазимемлекеттік секторға да қатысты», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент бюджеттік шығындардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін цифрлық теңгені белсенді пайдалану қажеттігіне де тоқталды.


Фото: Ақорда