Халық ұсынысы ескеріліп, Конституция жобасына қосымша нормалар енгізілді - Комиссия
Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның ХI отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты.
"Конституция жобасының 8-бабында меншіктің екі нысаны танылады және тең қорғалады делінген. Олар - мемлекеттік және жеке меншік. Көптеген ұсыныста бұл норманың барлық меншік нысандарын қамтымайтыны айтылған. Осылайша, аталған баптың 1-тармағы «Қазақстан Республикасында барлық меншік түрі танылады, оларға кепілдік беріледі және тең қорғалады» деп жазылды", — деді Нұрмұханов елордада Конституциялық сот ғимаратында.
Фото: qazaqparat