Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Референдумды дайындау және өткізу кезеңінде қандай үгіттерге тыйым салынады

Референдумды дайындау және өткізу кезеңінде қандай үгіттерге тыйым салынады

Орталық референдум комиссиясының отырысында комиссия мүшесі Ләззат Сүйіндік референдумды дайындау және өткізу кезеңінде қандай үгіттерге тыйым салынатынын айтты.

- Референдумда көтерілетін мәселе бойынша республика азаматтары, қоғамдық бірлестік мүшелері жиналыстарда, митингтерде, БАҚ-та «Республикалық референдум туралы» конституциялық заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес өз пікірлерін білдіре алады. Республикалық референдум қарсаңында үгіт келесі тәсілдермен жүзеге асырылады. Біріншіден, БАҚ арқылы, екіншіден, жиналыстар, митингілер, азаматтардың жиындары арқылы. Бұл ретте жиналыстар, митингілер «Қазақстандағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңға сәйкес өткізіледі. Үшінші тәсіл бұл – БАҚ, баспа үгіт материалдарын тарату арқылы, яғни үш тәсіл бар, - деді комиссия мүшесі.

Оның айтуынша, анонимдік үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады. 

- Республикалық референдумды дайындау және өткізу кезеңінде үгіт материалдарын анонимді түрде таратқандар үгіт материалдарын дайындаған немесе таратқаны үшін, сонымен қатар ақпаратты Қазақстан аумағынан тыс жерде дайындағаны үшін жауапқа тартылады. Атап айтқанда, баспа материалдары бойынша олардың басылған жері мен таралымы, тапсырыс берген тұлғалар туралы ақпараты болмаған жағдайда. Бұл бойынша 25 АЕК көлемінде айыппұл бар. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекеттіғ қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, соғысқа, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік, топтың және рулық астамшылыққа, сонымен қатар қатігездік пен зомбылыққа үгіттеуге жол бермейді, - деді Ләззат Сүйіндік.


Фото: gov.kz