100-ге жуық спикер жаңа Ата заң жобасын талқылап жатыр
«Қазмедиа орталығында» Конституциялық реформаға арналған онлайн-марафон өтіп жатыр. Алаңда комиссия мүшелері, заңгерлер, сарапшылар мен қоғам белсенділері жаңа Ата заңға енгізілетін өзгерістерді талқылауда.
130 адамнан тұратын комиссия 12 ашық отырыс өткізіп, 10 мыңнан астам ұсынысты қараған. Маңызды құжаттың мәтіні алғаш рет мемлекеттік тілде қайта жазылды.
Фото: qazaqstan.tv