Елімізде көлік бағасы арзандайды
Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, отандық зауыттар жыл сайын шығарылатын көлік маркаларының қатарын көбейтіп келеді. Нарыққа жаңа модельдер шыққан сайын баға да біртіндеп төмендейді.
Сондай-ақ отандық өндірістің артуы қытайлық көліктер құнына да әсер етпек.
Фото: inbusiness.kz