Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Құрылтай депутаттарының саны емес, сапасы маңызды – Максим Рожин

Құрылтай депутаттарының саны емес, сапасы маңызды  – Максим Рожин

Құрылтай заң шығарумен қатар Үкіметті бақылау мәселесін іске асырады. Бұл туралы «Референдум-2026» онлайн марафоны барысында Мәжіліс депутаты Максим Рожин айтты.

– Құрылтай депутаттарының саны емес, сапасы маңызды. 145 адам елдегі заң шығару, Үкіметті бақылау мәселесін іске асырады. Өйткені, Парламенттің, алдағы уақыттағы Құрылтайдың ықпалы күшейеді. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы бар. Осы қалай іске асады? Қарапайым тілмен айтқанда, Президент стратегиялық бағытты айқындайды. Үкімет оны орындайды. Ал Құрылтай оны бақылап, соған сай елге қажетті заңдарды шығару жұмысымен айналысады. Бұл формулада адам саны емес, сапасы маңызды. Заң шығару процесінде сапаны кәсіби деңгейдегі Құрылтай қамтамасыз етеді. Кәсіби деңгейдегі Құрлытайда 145 депутаттың ғана емес, сол Құрылтай аппаратының да мықтылығы маңызды, - деді Мәжіліс депутаты.

Сонымен қатар ол заңдарды не үшін жылдам қабылдау қажеттігін түсіндіруге тырысты. 

– Заң елдің өміріне тікелей әсер етеді. Сондай-ақ ол – Үкімет пен жалпы атқарушы биліктің жұмыс істеуіне тікелей жол ашатын құжат. Бұл ретте Құрылтайдың заңдарды жылдам қабылдауының Үкіметке, елде қабылданатын стртатегиялық дүниелерге тікелей әсері бар. Сағат сайын өзгеріп жатқан әлемдегі дүниелерге еліміз төтеп беруі тиіс. Ал төтеп беретін ең бірінші орган заң шығаратын – Құрылтай. Жылдамдық осы үшін керек, - деді Максим Рожин.