Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Зайырлылық ұстанымы Ата Заңда қалай нақтыланбақ — Егізбаев

Зайырлылық ұстанымы Ата Заңда қалай нақтыланбақ — Егізбаев

Еліміздің жаңа Конституция жобасында мемлекет пен діни бірлестіктердің аражігін нақтылайтын нормалар енгізілмек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев «Референдум-2026» ақпараттық алаңында мәлімдеді.

Депутаттың айтуынша, зайырлылық (секуляризм) қағидаты — бұл мемлекеттің басқару жүйесі діни қағидаларға емес, құқықтық нормаларға негізделуі екендігін атап өтті.

Бұл ұстанымның тарихы 1871 жылғы Париж коммунасынан бастау алады және бүгінде Франция, Германия, Түркия, тіпті көршілес Қырғызстан секілді елдердің конституциялық негізі. Біз онсыз да зайырлы мемлекетпіз, алайда жаңа жобада бұл ұғым толық нақтыланды. Дін өз заңдарымен, мемлекет өз заңдарымен айналысады, — деді Серік Егізбаев.

Жаңа Конституцияның бірнеше бабында (7, 16, 25, 33-баптар) мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынас нақты көрсетілген. Ең басты жаңалықтың бірі — 7-бапта «дін мемлекеттен бөлек» деген норманың белгіленуі. Бұл қолданыстағы Конституцияда мұндай деңгейде айқындалмаған болатын.

Конституцияның 33-бабына сәйкес, Қазақстан аумағындағы барлық білім беру ұйымдарындағы оқыту жүйесі зайырлы сипатқа ие болуы тиіс. Бұл мемлекеттік мектептер мен колледждерді діни идеологиядан қорғаудың заңдық кепілі.

Депутат зайырлылық ұстанымы дінге тыйым салу емес, оны мемлекеттік басқарудан бөлектеу екенін түсіндірді. Қазіргі таңда республикада 14 діни оқу орны (университеттер мен академиялар) жұмыс істейді, онда 5 мыңнан астам студент білім алып жатыр.