Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Нұртай Сабильянов: Бір палаталы Парламент заң сапасына оң әсер етеді

Нұртай Сабильянов: Бір палаталы Парламент заң сапасына оң әсер етеді

Бір палаталы Парламентке көшу депутаттардың жауапкершілігін арттырады. Өйткені, қайта қарастыратын бұрынғыдай екі палата болмайды және заң шығару барысында кімнің қалай дауыс бергені көрініп тұрады. Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов «Референдум-2026» онлайн марафоны барысында мәлімдеді. 

Болашақ Құрылтай – Қазақстандағы заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғарғы мемлекеттік орган. Құрылтайда заң жобасы талқыланады, үш оқылымда қабылдануы мүмкін. Заң сапасына ешқандай кері әсерін тигізбейді. Керісінше, заңның бір жерден қабылдануы уақытын жылдамдатады және депутаттардың жауапкершілігін арттырады. Заңның сапасын да жақсартады, - деді ол.

Сондай-ақ ол Құрылтайда 145 депутаттың болуы Қазақстанға нағыз сай келетін норма екенін айтты.

Елімізде 17 облыс, 4 қала бар. Әлемде аумақ бойынша Қазақстан тоғызыншы орында, жері үлкен. Ал депутаттар әр қалаға, әр ауданға, шекарадағы шалғай ауылдарға барып, халықпен жұмыс істеуі керек. Сол себепті, депутаттардың саны 145 деп белгіленіп отыр. Басты мақсат – шығарылатын заңдардың сапалы болуы және халықтың мәселелерін шешу, - деді Н. Сабильянов.

Сонымен бірге ол Құрылтай депутаттарының пропорционалдық жүйе арқылы сайланатынын жеткізді.