Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Депутат мектептердегі заңсыз уағыз бен көпәйелділік насихатына тосқауыл қоюды ұсынды

Депутат мектептердегі заңсыз уағыз бен көпәйелділік насихатына тосқауыл қоюды ұсынды

«Референдум–2026» ақпараттық алаңында Мәжіліс депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Мұрат Әбенов маңызды мәлімдеме жасады. Ол зайырлылық ұстанымдарын қатаңдату, білім беру саласын діни ықпалдан қорғау және отбасы институтының конституциялық негіздерін сақтау мәселесін көтерді. 

Мұрат Әбеновтің айтуынша, қазіргі таңда діни ағымдардың мектептер мен колледждерге еніп, балалардың дамуына кедергі келтіруі жиілеп кеткен. Депутат мемлекеттік қаржымен жұмыс істейтін оқу орындарында заңсыз уағыздардың айтылуына түбегейлі қарсы.

– Дін өзіне қатысы жоқ жерге араласып жатыр. «Домбыра тартуға болмайды, өнермен айналысуға болмайды» деген сияқты тыйымдармен балалардың дамуына қарсылық білдіріп жатады. Сабақ уақытында балаларды мешітке апарып, шаралар өткізу – бұл бала құқығын тікелей бұзу, - деді Мұрат Әбенов.

Депутат діни сала мен білім беру саласының аражігін нақты ажыратып, заңмен шегендеу қажеттігін баса айтты.

Сонымен қатар қоғамда белең алған «екінші әйел алу» насихаты да депутаттың назарынан тыс қалмады. Мұрат Әбенов бұл үрдістің Конституция қағидаттарына қайшы келетінін және әйелдер мен балалардың құқығын аяққа таптайтынын жеткізді. 

Конституцияның жаңа жобасында отбасы туралы норма «неке – тек бір ер адам мен бір әйел адамның өз еркімен бас қосуы» деп нақтыланбақ. 

Бірінші әйел, екінші әйел деп насихаттау – саясатқа қарсы. Бұл жерде балалар мен әйелдердің құқығы бұзылады. Сондықтан біз Конституцияға неке тек бір ер адам мен бір әйел адамның арасында болады деп жаздық, - деп түсіндірді комиссия мүшесі.