Қазақстанның мұнай өңдеу қуаты 2033 жылға қарай жылына 40 млн тоннаға дейін өседі
Бұл туралы Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев айтты. Сөзінше, жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарын жоспарлы түрде кеңейту 2030 жылға қарай дизель отынының тапшылығын жоюға мүмкіндік береді.
Ал 2033 жылы төртінші зауытты іске қосу авиакеросинге деген қажеттілікті толық өтеп, К5 стандартындағы жоғары сапалы мұнай өнімдерін экспортқа шығаруды қамтамасыз етпек.
Сонымен қатар Қашаған кен орнында газ өңдеу қуаттарын арттыру жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылдың соңында ГӨЗ-1-дің іске қосылуы жылына 2,5 млрд текше метр тауарлық газ өндіруді қамтамасыз етеді.
Фото: egemen.kz