Президенттің америкалық басылымға мақаласы жарияланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев The National Interest басылымында жарық көрген мақаласында АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен және БҰҰ қолдауымен құрылған Бейбітшілік кеңесін маңызды қадам деп бағалады.
Президенттің жазуынша, Қазақстан АҚШ-тың сенімді әрі адал серіктесі болып қала береді. Ақ үй ұсынған жаңа тәсіл ескі саяси формулаларды қайталамайды.
Президенттің айтуынша, Трамп стратегиясының парасаттылық, дәстүрлі құндылықтарды қорғау, ұлттық мүддені сақтау және соғысты тоқтату секілді қағидаттары қоғам сұранысына сай келеді. Осыған байланысты Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне қосылып, оны нақты іс-әрекеттермен қолдауға дайын екенін білдірді.