Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан әлемдегі экономикасы дамыған 50 елдің қатарына енді

Қазақстан әлемдегі экономикасы дамыған 50 елдің қатарына енді

Халықаралық валюта қорының 2026 жылға арналған болжамына сәйкес, Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) көлемі шамамен 320 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл көрсеткіш елге әлемдегі ең ірі топ-50 экономика қатарына енуге мүмкіндік береді.

Ұсынылған деректерге сай, Қазақстан Норвегия, Перу  және Филиппин сияқты мемлекеттермен шамалас деңгейде орналасып, Еуропа, Африка және Латын Америкасындағы бірқатар елдерді басып озған.

Жаһандық рейтингте көшбасшы орындарды бұрынғысынша АҚШ пен Қытай  сақтап отыр. Ал ең ірі бес экономиканың қатарына сондай-ақ Германия, Үндістан және Жапония кіреді.

2026 жылы әлемдік ЖІӨ-нің жиынтық көлемі 123,6 трлн АҚШ долларына жетеді деп болжануда.



Дереккөз: IMF, World Economic Outlook

Фото: 7kun.kz