Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жүрсін Ерман Қазақстанның Халық жазушысы атанды

Жүрсін Ерман Қазақстанның Халық жазушысы атанды

Айтыс өнерінің жанашыры, көрнекті қаламгер, ақын және қоғам қайраткері Жүрсін Ерманға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен “Қазақстанның Халық жазушысы” атағы берілді. 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, марапат ақынға ұлттық әдебиет пен айтыс өнерін дамытуға сіңірген ерен еңбегі үшін табысталды.

Құрметті атақты Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды ақынның 75 жылдық мерейтойына арналған концертте салтанатты түрде табыстады. Сондай-ақ қала әкімі Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді.

Айта кетейік, Жүрсін Ерман “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері”, сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлығын екі мәрте иеленген.


Фото: Алматы қаласының әкімдігі