Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бас прокуратура референдумға байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу тәртібін түсіндірді

Бас прокуратура референдумға байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу тәртібін түсіндірді

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген, бұл салада кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ету арқылы сауалнама жүргізуге құқылы.

«Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сауал салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауал салу жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі. Сауалнама нәтижелерiн дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейдi», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргізуге тыйым салынады.

Бас прокуратура бүгінде 4 бұзушылық анықталғанын хабарлады: референдумға қатысты заңсыз қоғамдық пікірге сауалнама жүргізудің 3 фактісі және сауал салудың қорытындыларын тиісті мәліметсіз жариялаудың 1 фактісі.

Аталған деректер бойынша екі азамат пен бір заңды тұлғаға айыппұл салынды. Сондай-ақ бір баспа иесі сауалнама нәтижелерін заңда көзделген міндетті деректемелерсіз жариялағаны үшін жауаптылыққа тартылды.


Фото: gov.kz