Қазақстанда 60-тан астам сербиялық компания қызмет етеді
Қазақстанға Сербия Президенті Александр Вучич ресми сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді.
Жиында Президент Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тиімді жұмыс атқарып жатқанын айтты.
«Бүгін екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беру тәсілдерін талқыладық. Өз тарапымыздан екі ел арасындағы ықпалдастықты кеңейтуге барлық жағдайды жасайтынымызды жеткізгім келеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Фото: Ақорда