Щучинскідегі өртке байланысты ведомствоаралық комиссия құрылды
Щучинск қаласындағы дәмханадағы жарылысқа қатысты ТЖМ жанынан ведомствоаралық комиссия құрылды.
Комиссия құрамына 5 министрлік пен облыстық әкімдік өкілдері енді. Олар оқиғаның себеп-салдарын анықтап, мұндай жағдайлардың алдын алу шараларын әзірлейді.
Еске салайық, қаладағы дәмханада газ баллоны жарылып, 7 адам қаза тапты, оның бірі – кәмелетке толмаған қыз. Қаза болғандардың барлығы – қызметкерлер. Соңғы мәлімет бойынша, 28 адам зардап шекті.
Қазір 10 науқас жансақтауда, тағы үшеуі травматология және хирургия бөлімдерінде ем қабылдауда.
Фото: ТЖМ