Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан гүлдерді қай елдерден импорттайды?

Қазақстан гүлдерді қай елдерден импорттайды?

2025 жылы Қазақстан 77,6 млн АҚШ доллары көлемінде 10 954 тонна гүл мен гүл бүршігін импорттаған, деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы.

2024 жылы импорт көлемі бұдан 1,4 мың тоннаға артық болған.

Гүлдердің негізгі жеткізушісі – Эквадор. Жалпы импортталған гүл көлемінің 41,9% немесе 4 586 тоннасы осы елден жеткізілген.

Сондай-ақ ірі көлемде гүлдер келесі елдерден әкелінеді:

▫️Қытай – 2 678 тонна;
▫️Нидерланд – 1 702 тонна;
▫️ Колумбия – 778 тонна;
▫️Кения – 739 тонна.

Жалпы өткен жылы гүлдер әлемнің 45 елінен жеткізілді. Қазақстанға негізінен раушан гүлдері импортталған – 6 219 тонна.


Фото: gov.kz