Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін

Қазақстанда 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін

Еліміз бойынша су басу қаупі жоғары 1242 елді мекен бар. Бес өңірде тасқын қаупі төніп тұр. Үкімет басшысы Ақмола облысына жасаған сапарында Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізіп, әрекет алгоритімін пысықтады.

Сондай-ақ өңірде атқарылып жатқан бірқатар жобамен танысты. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында қар қалың. Көктемде сірескен мұз сес көрсетуі мүмкін. Топырақтың тоңы жібіген жоқ.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің сөзінше, қауіпке қарсы 39 мың адам, 18 мыңнан астам техника мен арнайы құралдар әзірленген. Барлық қызметтер жоғары жауынгерлік дайындыққа көшкен. Ахуал күрделенген жағдайда қажетті шешімдер дереу қабылданбақ. Десе де, сын көтермейтін салаға салғырт қарап отырған аймақтар бар, деді Үкімет басшысы.


Фото: gov.kz